деп мәлімдеді Дүниежүзілік лютеран федерациясының президенті Муниб Юнан.
«Бұл - өте маңызды басқосу, себебі әлем діннің түйткілдің себепкері емес, түйткілді шешуші фактор ретінде көруі тиіс. Барша әлем біздің бейбітшілік, бірлік үшін кездесіп жатқанымызды көруі керек. Экстремизм белгілі бір діннің монополиясы емес, әрбір дінде өзінің экстремистері бар. Діни экстремизм дін де емес. Бұл - нағыз дінді қорлайтын құбылыс. Экстремистер біздің діни топтарда пайда болып жатқандықтан, бұл дін лидерлері үшін үлкен сынақ. Үнсіз қалсақ, экстремистердің сыбайласы боламыз, үнсіз қалған сайын, сыбайлас болған сайын экстремистік қозғалыс күш ала беретін болады және одан барлығымыз мейлінше көп жапа шеге бермекпіз», - деді ол бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде.
Оның айтуынша, экстремизмге қарсы күш біріктіруге Астанадағы съездің маңыздылығы өте жоғары. Себебі дін лидерлерінің басын қосатын жиын тек осы Қазақстанда тұрақты түрде өткізіледі.
«Өз қатарымыздағы экстремистердің іс-әрекеттерін сөз етпесек, олар біздің әлемді соғұрлым жемісті өзгерте беретін болады. Тату жатқан халықтардың әлемін зұлымдыққа толы әлемге айналдырады. Астана біздің сана-сезімімізді, күш-жігерімізді оятқан жиын болды. Бізге бәрімізге жиналып, әлемдегі түйткілдер туралы әңгімелесуімізге уақыт жетті», - дейді М.Юнан.