Экстремизмді насихаттап, қару-жарақ дайындаумен айналысқандар сотталды


Соңғы жылдары Атырау облысында діни экстремизм мен терроризмге қатысты бірнеше ірі іс қозғалып, сотталғандаардың қарасы алпыс адамнын асып түскен. Ал бүгін Владимир Ким, Жанұзақ Ізім, Дастан Болатұлы, Райымбек Зияшев пен Алтынбек Зейнетуллаевтардың мүлкі тәркіленіп, оларды 9 жылға түрмеге тоғыту туралы шешім шығарылды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан күдіктілер 15 тәуліктің ішінде апелляциялық алқаға шағым түсіре алады.