Эквадорда қазақстандық велошабандоз көз жұмды


Оңтүстік Қазақстан облысы тумасының жаттығу кезінде қан тамыры жарылып кетіп ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ жергілікті дәрігерлер  жүрегі тоқтап қалған Ерланды ажалдан арашалап қала алған жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың денесін елге әкелу шараларын жасауда. Сондай-ақ марқұмның туыстарын Эквадорға жіберу мәселесі шешіліп жатыр.