Эквадорда тағы да жер сілкінді


Бұл жолы да жерасты дүмпуі 499 адамның өмірін қиып, 4000-нан астам адамды жарақаттаған сол солтүстік-батыстағы Манаби првинциясында орын алды. Жерасты дүмпуі Муисне елді мекенінің маңында тіркелген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 сәуірде Педерналес қаласы маңында жер сілкінді. 1979 жылдан бергі ең жойқын деп танылған жер сілкінісінің тербелісі 7,8 балл болған еді. Табиғат апатынан келген залал бірнеше миллиард долларды құрайды.