«Қазақ даласына кавказ халқы соғыс жылдарының аяғында өз еркімен келген жоқ. Алайда олардың кейінгі ұрпағы үшін біздің еліміз отандарына айналды. Облыс бойынша қазір бес жүзге жуық отбасы тұрады - диаспорада өз тілдерін, салт-дәстүрлері мен мәдениетін ұмытпайды», - дейді облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова.
Этномәдени орталығының бес жылдығына орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиева арнайы келіп құттықтады.