Электр қуатына қарызы бар Петропавл қаласының тұрғыны пәтерінен айырылды

Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Пәтері сатылымға жарияланған борышкер өзіне міндеттелген қарызды төлеуден үзілді-кесілді бас тартты. Қазіргі уақытта сот орындаушылары қарызы өтелмеген тағы екі пәтерді сатылымға қойды. Осындай жағдай енді қайталанбайды деп үміттенемін. Сондай-ақ борышкер шартта көрсетілген міндеттер туралы көзқарасын өзгертеді деген ойдамыз», – деді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Мағауия Сағандықов.

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша, 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша клиенттердің дебиторлық берешегі 147,7 миллион теңгені құрайды.


Ал борышкерлермен арыз-шағымдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ қазіргі уақытта 54 миллион теңгеден астам қарызы бар 247 іс қаралуда.