Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

"Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда", - деді Н. Алдабергенов.

"Бұл ретте ірі электр станциялары мен аймақтық жылу энергетикалық орталықтарында өндірілген электр қуатының құны 3 - 13% аралығында өзгереді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушылары үшін электр қуатының құны 6 - 17%, солтүстік өңірлерде 2 - 10% аралығында өзгереді", -деді ол.

Орталықтандыпрылған жылу құнының шектеулі өсімі агенттік болжамына сәйкес 9,8% деңгейінде, ал жылу энергиясының құнының ұлғаюы жекелеген кәсіпорындарда 4 - 8% аралығында болмақ.

"Осы орайда көмір мен мазут бағасы 2007 жылғы желтоқсан айындағы деңгейде болуға тиіс", - деді Н. Алдабергенов. Оның хабарлауынша, суық судың тарифтерінің болжамды өсімі 2008 жылы 12,3% құраса, кәсіпорындардың басым бөлігі бойынша баға өсімі 4%-дан аспайды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, газ бағасы 15%-ға дейін, ыстық судың бағасы 11,7%-ға дейін , кәріз жүйесінің құны 9,8 %-ға дейін өсуге тиіс.

Ағымдағы жылы тарифтер өсімінің осындпай шектеулі көрсеткіштері , Н. Алдабергеновтың пікірінше, реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан асырмауға мүмкіндік береді.