Электр қуатының тарифтерінің өсімі 2008 жылы 15,7% құрайды деп күтілуде - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (толықтырылған нұсқа)

"Ағымдағы жылы электр қуатының орташа құнының шектеулі өсуі 15,7% деңгейінде болады деп болжануда", - деді Н. Алдабергенов.

"Бұл ретте ірі электр станциялары мен аймақтық жылу энергетикалық орталықтарында өндірілген электр қуатының құны 3 - 13% аралығында өзгереді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушылары үшін электр қуатының құны 6 - 17%, солтүстік өңірлерде 2 - 10% аралығында өзгереді", -деді ол.

Орталықтандырылған жылу құнының шектеулі өсімі агенттік болжамына сәйкес 9,8% деңгейінде, ал жылу энергиясының құнының ұлғаюы жекелеген кәсіпорындарда 4 - 8% аралығында болмақ.

"Осы орайда көмір мен мазут бағасы 2007 жылғы желтоқсан айындағы деңгейде болуға тиіс", - деді Н. Алдабергенов. Оның хабарлауынша, суық судың тарифтерінің болжамды өсімі 2008 жылы 12,3% құраса, кәсіпорындардың басым бөлігі бойынша баға өсімі 4%-дан аспайды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, газ бағасы 15%-ға дейін, ыстық судың бағасы 11,7%-ға дейін , кәріз жүйесінің құны 9,8 %-ға дейін өсуге тиіс.

Ағымдағы жылы тарифтер өсімінің осындай шектеулі көрсеткіштері , Н. Алдабергеновтың пікірінше, реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан асырмауға мүмкіндік береді.

"Бұл ретте 1,02% - ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында газдың құнын $85 дейін өсіру есебінен бағаның ұлғаю үлесі болып табылады. Қалған үлес басқа өңірлерде су қамтамасыздығы, жылу және энергия қамтамасыздығы қызметтерінің құнын инфляцияға 0,48% үлеспен өзгертуге тиесілі", -деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, егер монополистер мен доминанттар тарапынан ұсынылған барлық шығындарды тарифтерге қосқан жағдайда агенттік реттейтін қызметтердің инфляцияға үстемелейтін есептік үлесі 1,5 емес, 7,95%-ды құрайтын еді. Н. Алдабергенов осы орайда 2006 жылы 8,36% деңгейінде қалыптасқан инфляция кезінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі реттейтін қызметтердің үлесі 1,36%-ды құраса, 2007 жылы 18,8% деңгейінде қалыптасқан инфляция кезінде тиісті көрсеткіш 2,15% болғанын еске салды.

Бұған қоса , Н. Алдабергенов енді жаңадан қаралатын өтініштер бойынша жаңа тарифтерді мынадай мерзімде енгізуді ұстану орынды деп санайды : сәуір - электр қуатын өндіруге тарифтер енгізу, мамыр - шілде - электр қуатымен қамтамасыз ету және оны жалғастыру тарифтері , маусым - тамыз - су арнасы мекемелерінің тарифтері, шілде - тамыз - газ қамтамасыздығы тарифтері және қазан-қараша -жылу энергиясының тарифтері.