Электронды дауыс беру шарасын еліміздің техникалық тұрғыда ең жақсы дамыған аймақтарында жүзеге асыру қажет - ҚР Елбасы

"Осы мәселе төңірегінде қоғамда белең алған әңгімелерді ескеру қажет деп ойлаймын",- деді Елбасы. Мемлекет басшысының пайымдауынша, электронды дауыс беру арқылы сайлау шарасы "коммуникациялық жүйесін "Қазақтелеком" тартып , қабылдап алған" өңірлерде ғана жүзеге асырылуы тиіс. "Бұл ретте ҚР Орталық сайлау комиссиясы еліміз азаматтарының жаппай сайлауға қатысу және сайлану құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс",- деп шегеледі Елбасы.

Дегенмен, Н.Назарбаев "жаңа әдісті қолданысқа енгізу - сайлау барысындағы түрлі заң бұзушылықтардың алдын алудағы ең тиімді амалдардың бірі" дегенге сенім білдірді. "Жүйенің ең бір қолайсыз жері, бұрынғы сияқты , сайлау кезінде дауыс беретін бюллетеньге түрлі қолтаңбаларын қалдырып, пікір білдіретін әсершіл сайлаушылар өз көңіл-күйіне ерік бере алмайтын болды",- деді Елбасы. "Қазақстандықтар үшін және отандық демократия үшін бұл үлкен шығын емес деп білемін",- деді президент. "Мамандардың пайымдауынша, алдағы сайлауда қолданылғалы отырған электрондық бағдарламаның құпиясын ашу мүмкін емес, сайлау күнгі ақпарат сенімді қорғалады, оған сырттан араласып әсер етуге жол жабылған",- деп сендірді президент.