Электронды кітаптар үшін Apple компаниясы қыруар өтемақы төлейтін болды


Сот шешіміне сәйкес, енді Apple 400 млн долларды компанияның заңсыз қызметінен зардап шеккен 23 млн. пайдаланушыға, сонымен бірге 50 млн. доллар адвокаттарға төлеуі тиіс.

Apple 2009 жылы АҚШ-тың 5 ірі баспасымен: «Hachette Book Group», «HarperCollins Publishers», «Penguin Group», «Simon&Schuster» және «Macmillan» сөз байласқаны үшін айыпталып отыр. 
Дау 2012 жылғы сәуірде АҚШ Әділет министрлігінің араласуымен басталған.