2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ҚР электронды үкімет инфрақұрылымын қалыптастыру бағдарламасы биылғы жылы аяқталады,- деп мәлімдеді Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Оның айтуынша, "бірнеше компоненттен құрылған, соның ішінде электронды үкімет шлюзі, бейнеконференцбайланыс жүйесі, құжат айналымы жүйесі, кейбір регистр бойынша мәліметтер базасы, электронды үкіметтің веб-порталы және т.б.".
Электронды үкімет порталы 2006 жылы сәуірде іске қосылды. 2007 жылдың соңына дейін порталда 900 ақпараттық қызмет орналастырылатын болады.
Талқыланған мәселені түйіндей келе, премьер-министр "аталған бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Алайда, жалпы алғанда, электронды үкіметті енгізу жөнінде айтарлықтай нәтиже көрініп тұрған жоқ. Осы салада ұлттық интегратор құру қажет",- деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстанда электронды үкіметті енгізу жөнінде жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ол топты ҚР президентінің көмекшісі Серік Бүркітбаев басқарады, ал оның орынбасары Қ. Есекеев болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті