Элизабет Тұрсынбаева Францияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


 Биылғы жыл ол 4 мәрте халықаралық турнирдің чемпионы атанды, Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін еншіледі. Элизабеттің арқасында 4 рет Мемлекеттік әнұранымыз ойналып, 6 рет әлемнің әр елінде көк байрағымыз көтерілді.

Жарысқа 9 мемлекеттен 17 спортшы қатысуда. Элизабет енді 14-19 қарашада Италияның Милан қаласында болатын халықаралық турнирге қатысса, келесі жылдың наурыз айында Эстонияның Таллин қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды.