Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәнерлеп сырғанаудан «Жаңажылдық Словакия кубогы» атты халықаралық турнирден Элизабет Тұрсынбаева сенімді ақтап шықты. 10 мемлекеттен 14 спортшы қатысқан дүбірлі додада ол чемпион атанды.
Элизабет - спорт шеберлігінен үміткер, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үш мәрте чемпионы, бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды көздеп отыр.