Caravan.kz медиа порталының тілшісі фильмде басты рөлді сомдаған Элизат Берікова мен режиссер Рашид Сүлейменовтен сұхбат алған болатын.
"Зеркала" фильмі Денис Теннің өмірінен алынған ба?
"Жоқ, бұл бұрыннан бар идея еді. Өйткені бұл нағыз әлеуметтік тақырыпқа айналды. Көптеген адамдардың осылай айналары ұрланып, түрлі жағдай орын алып жатады. Көптен бері армандаған жобамды қолға алып, 31 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар", - деп жауап берді режиссер.
"Олай деу қиындау, өйткені фильмге дәл осы Азамат Ашмақын түсу керек деген ой болған емес. Мен бұл топтың басқа әншілерін де шақырдым, бірақ Азаматты осы рөлге лайықты деп санадым. Дегенмен де атышулы топтың әншісі, тыңдармандары жетіп артылады. Жас жеткіншектер, осы топтың тыңдармандары аталған фильмді көріп, өздеріне ерекше әсер алады деп ойлаймын. Ал Азаматпен жұмыс жасау өте оңай болды. Өйткені өзі көңілшек, жаны таза, әрдайым көңілді жүретін жігіт екен. Жалпы, барлық топпен жұмыс жасау қызыққа толы болды", - деп жауап берді режиссер.
Актриса, "КЕШYOU" тобының экс-әншісі Элизат Берікова бұл фильмде көңілдестің рөлін сомдайды. Тоқал болып ойнау қаншалықты қиын болғанын актрисаның өзі
Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.
"Мен бұл фильмнің түсірілімнің алғашқы күні келгенімде, босанғаныма небәрі он күн еді. Содан болар, түнімен мәтінді жаттап барғаныммен де түсірілім алаңына келгенде ұмытып қала бердім. Бастапқы 10 күн мен үшін өте қиын болды, бірақ барынша тырыстым. Ал көңілдестің рөлін сомдау қиын әрине, әртүрлі сөздер де болады ау деп қорықтым. Дегенмен де мен актрисамын, бұл маған беріліп отырған рөл, сондықтан ойнап шықтым. Бірақ көңілдес болып ойнаудың өзі негізі біртүрлі екен, өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Дегенмен бұл кино, фильм сондықтан барымды салдым", - деп жауап берді Элизат Берікова.
Естеріңізге сала кетейік, режиссер Рашид Сүлейменовтың "Зеркала" фильмін еліміздің барлық кинотеатрларынан 31 қазаннан бастап жарыққа шығады. Фильмде басты рөлді сомдағандар Аян Өтепберген, Элизат Берікова және Азамат Ашмақын.