Эльмира Сыздыкова Дмитрий Миндиашвили атындағы күрес академиясының жүлдесіне арналған бүкілресейлік XI турнирдің жеңімпазы атанды


Онда қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Оның бесеуін әйелдер күресінің шеберлпрі қоржынға салды. Атап айтқанда 72 келі салмақта алаң қожайыны Виктория Фроловадан басым түскен Эльмира Сыздықова алтыннан алқа тақты. Назгүл Нұрахан (51 кг), Аймангүл Төлеухан (55 кг), Гүлмарал Еркебаева (67 кг) жүлдегер атанды. Ал ерлер арасында Іңкәр Ермұхамбет (120 кг) пен Мамед Ибрагимов (96 кг) жүлде алды.