«Эмирейтс» әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұл оқиға әуе кемесінде бір жолаушының денсаулығы нашарлауына байланысты  3 наурыз күні сағат 19:41 кезінде орын алды.

Атап айтқанда, ұшақ бортында 293 жолаушы мен 20 экипаж мүшесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері жолаушыны тексергеннен кейін, оған сапарды жалғастыруға рұқсат берілді.

Сағат 22:40 кезінде әуе кемесіне жанар-жағармай құйылғаннан кейін ол Дубайға қарай бағыт алды.