Эмитенттер кеңесінің мәртебесі айқындалды

Бұл шеімге сәйкес, Эмитенттер кеңесі ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің құрамынан шығарылды. Ол енді дербес өкілетті орган ретінде жұмыс істейді. Кеңестің ұйымдастыру жұмыстарын Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы жауаптанады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеңесті құру Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын дамыту және жетілдіруге ықпалын тигізеді деп күтілуде.
Бұл мекеменің іс-қызметі бірінші кезекте акционерлік қоғамдарды корпоративті басқаруды жетілдіруге бағытталады. Мәселен, акционерлік қоғам бойынша ақпараттарды ашу стандарттары жетілдіруді талап етеді.
Сонымен бірге эмитенттер үшін инвестициялық жобалар жасау және оны жүзеге асыруға қаржы тартуға қолайлы жағдайлар туғызу шараларын дәйектеуге баса назар аударылмақ.
Кеңес сонымен бірге акционерлік қоғамдарға бағалы қағаздарды орналастыру және оларды айналдыру , басқа да проблемаларды шешуге ақыл-кеңес берумен шұғылданбақшы.
Эмитенттер кеңесінің барлық мүшелері өз міндетін ақысыз атқаратын болады.