Энергетика министрі АЭС орналасатын өңірді атады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салынатын өңірді айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Егер қуат жағынан тура келсе АЭС-ті Балқаштың немесе Курчатовтың жанында салуды ойлап отырмыз. Балқашта салынатын шығар", - деді Ақшолақов.

Ол бұл аумақтың Кеңес Одағы кезінен бері атом электр станциясының орны ретінде зерттеліп келгенін айтты.


"Осы өңірлерді осы жылдар бойы бақылап отырдық", - деп түйіндеді министр.