«115 теңге деп жазылса да саудада жоқ бензин мен 128 теңгенің бензині жақсы ма, әлде, одан қымбатырақ болса да емін-еркін сатып алуға болатын бензин жақсы ма? Таңдапуды өздеріңіз жасаңыздар. Меніңше, біз бұл жағдайдан шығуымыз керек. Үнемдеу қажет екені рас. Бүкіл әлем бензин үнемдейді. Мен де сіздерді соған шақырамын. Мүмкіндік болса жұмысқа үлкен джиппен бармай (...), бір подъезде тұратын адамдармен бір көлікке мініп, жұмысқа жетіп алуға болады», - деді В.Школьник жңурналистерге.
«Үнемшіл болайық. Шағын литражды көліктерге отыру қажет. Бұл әсіресе, үлкен джипке жалғыз өзі мінетін адамдар мен шенеуніктерге қатысты айтылып отырған мәселе. Осы мәселемен айналысуымыз қажет», - деп қосты ол.
Сонымен қатар, министр қыркүйек айында жанармай бағасы тағы қымбаттай ма деген сұраққа «бұл нарықтағы жағдайға байланысты» деп жауап берді.
«Үкімет, ҚМГ бен Самұрық-Қазына адамның қолынан келетіннің бәрін жасап жатыр. Идеяларыңыз болса мен тыңдауға дайынмын», - деп қосты ол.
Министрдің айтуынша, қоғамдық бақылауды күшейту қажет.
«Облыстарда жергілікті билік орындары рынокта бензин тапшылығын жоюға күш салуы тиіс. Оған мүмкіндік бар, тек белсендірек жұмыс істеу қажет. Содан соң жанар-жағармаймен қамту мәселесін, алып-сатарлықты қоғамдық бақылауға алу қажет», - деп қорытты министр.