"Қазір біз PetroKazakhstan компаниясындағы , соның ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы өз үлесімізді қайтару үшін күрделі келіссөздер жүргізіп жатырмыз және оны қайткенде нәтижеге жеткіземіз",- деді парламенттік тыңдауға қатысқан министр.
"Сонымен бірге біз Павлодар мұнай өңдеу зауытына да ықпал жүргізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл нарыққа әсер етудің бір алғышарты",- деді министр.
Энергетика министрінің пайымдауынша, "мемлекет біраз қаржы жинақтап алған қазіргі сәтте бұрынғы меншікті қайтарумен бірге отандық резиденттердің қаржысын тиімді жобаларға салуға тырысу керек". Бірақ меншікті "заңды жолмен қайтарудың маңызы зор",- деді В.Школьник. "Біз жұмысты осы бағытта жүргізіп жатырмыз",- деп сендірді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті