Әзірге жанармай бекеттері дайындалып жатыр, жаңа баға кешкі ауысымда ілінеді. Үкімет үш ай бұрын ғана дәл осы АИ-92-ні 99 теңгеге дейін арзандатқан. Бірақ жүргізушілердің қуанышы көпке созылмады. Бірақ, дизель мен АИ-80 маркалы жанармайдың құны бұрынғыша қалды деп сендірді шенеуніктер. Қоймаларда қазір АИ- 92 маркалы бензиннің 240 мың тонна қоры бар екен. Сондықтан қымбатшылықтың соңы тапшылыққа ұласпайды дейді Энергетика министрлігі. Ал, жанармай құны әлемдегі мұнай бағасының өсуіне байланысты көтеріліпті.
Қуандық Құлмурзин, Энергетика министрлігі Мұнай өнімдерін дамыту департаментінің басшысы:
-Формула деген бар. Соған сәйкес санап қарасаңыз, 92-ші бензинді 108 теңгеге шығарып отыр. Енді сол баға баррельге 60 доллардан азая бастаса, формула бойынша, өзіміздің ойымызша баға да төмендеуі мүмкін.
Loading...