"Бейсенбі күні біз барлық жер қойнауын пайдаланушылардың басын қосамыз, сөйтіп, күзгі жиын-терім науқаны қарсаңында әкімшілік шараны да қолдана отырып ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайтуға талпынатын боламыз", - деді С. Мыңбаев Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың ол басқаратын мекеме мұнай өнімдерінің бағасы күрт қымбаттап кетуге байланысты қандай шара қолданбақшы деген сауалына берген жауабында.
"Әзірге басқа жол жоқ", -деді министр.
Оның айтуынша, осы кездесуде жер қойнауын пайдаланушылармен мазут бойынша баға параметрлері келісіледі. "Жылыту маусымына дайындық басталды, мазуттың бағасы біршама өсіп, экспорттық, ресейлік бағаға жақындай түсті", - деді министр.