Энергетика министрлігі: Шикі мұнайға ЭСА мөлшерлемесі 1 тоннасына 40 доллар мөлшерінде белгіленді

Энергетика министрлігімен келісілген «Әкету кедендік баждарын, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығына сәйкес  шикі мұнайға экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі 1 тоннасына 40 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді.

Құжат 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.