Энергетика министрлігі ТШО кеңейту жобасының құнын оңтайландырмақ


«Біз серіктестерімізбен бірлесіп, аталған жобаның бағасын төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Нақты шешім биыл қабылдануы тиіс», - деп дүйсенбідегі брифингте Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
Оның айтуынша, «жоба жүзеге асырылғаннан кйеін ТШО мұнай өндіру көлемін 26,5 млн тоннадан 38,6 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді».