Энергетика секторында мемлекеттік ұзақ мерзімді баға саясатын дайындау керек -"Самұрық" басшысы

"Үкімет электр энергетикалық саласындағы инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін, экономиканың энергетика секторында мемлекеттік ұзақ мерзімді баға саясатын дайындау қажет. Өйткені, бүгінгі бағалар энергетика саласындағы кәсіпорындардың дамуын, қуатты үнемдейтін қажетті технологияларды қамтамасыз етіп жатқан жоқ", - деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ, "міндетті түрде арнайы мемлекеттік органды белгілеу керек". "Бұл республика бойынша қуатты үнемдеу процестерінің орындалуына жауапты болатын агенттік немесе комитет болу керек ", - деп есептейді "Самұрық" басшысы.

Сонымен қатар,"қуат тиімділігіне инвестиция салатын және электр қуатын ынталандыратын механизмдерді әзірлеп, мемлекеттік қолдау шараларын жасап, техника мен құрал-жабдықтарды, құрылыстағы стандарттар мен ережелерді енгізіп, нормативтік техникалық жаңа құжаттарды дайындау керек".

"Самұрық" басшысының пікірінше, "қалпына келтірілетін қуат көздерін ынталандыратын нарықтық механизмдерді дайындау қажет ".

"Қуатты үнемдейтін арнайы қорды құру мүмкіндігін қарастыру керек ", - деді Қ. Бозымбаев.