Энергетика және минералды ресурстар министрі Босния-Герцоговина мен Гана Республикасының Мәскеудегі елшілерімен кездесті

Кездесу барысында екі елдің ұлттық экономикаларының мұнай, газ, көлік коммуникациялары, құрылыс сынды түрлі салаларындағы ықпалдастықтың өсіп келе жатқаны атап көрсетілді. Сонымен қатар электр қуатын өндіру және көмір өнеркәсібі салаларындағы мәселелерге баса назар аударылды.

Сол күні министр Гана Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Фрэнсис Махамамен кездесті.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, мұнай, газ және электрэнергетикасы, жер қойнауын пайдалану, мұнайхимиясы, көмір өнеркәсібі, геология салаларындағы ықпалдастық жайы талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті