Энергетика және минералды ресурстар министрі "Самұрық" мемлекеттік холдингіне Жамбыл ГРЭС-ін меншіктену мәселесін шешуді ұсынды

"Биылғы жылы ЖГРЭС-і үшін отынды сатып алуға өтемақысы ретінде 3,4 млрд теңге бөлу туралы мәселесі шешілді", - деп еске салды С. Мыңбаев.

"Айта кету керек, отынды арзандату үшін бұл станцияға жыл сайын қомақты мөлшерде қаржы бөлініп отырады. Станцияның 50 % жеке меншік компанияның үлесінде екенін ескере отырып, бөлініп отырған субсидиялардан бұрын болашақ инвестицияларға байланысты ЖГРЭС-ін толық жекешендіруді ойластырып, "Самұрық" холдингі станцияның екінші акционерімен бұл мәселені шешуі тиіс ", - деп толықтырды ол.

Министр еске салғанындай, ЖГРЭС №4 энергетикалық блогының трансформаторы өткен жылдың 26 желтоқсан айында істен шығып, төртінші энергоблогы биылғы жылдың қыс кезеңінде тоқтап тұрды. "2008-2009 жылдарындағы күзгі-қысқы кезеңіне дейін бұл энергоблогын іске қосу керек. Ал мұндай трансформатор түрі қорда жоқ болғандықтан, оны Ресейде жасату керек", -деп атап өтті ол.

С. Мыңбаевтың пікірі бойынша, "елдің оңтүстік аймағындағы қуат көздері тапшылығын болдырмау үшін алдағы қыз кезеңінде ЖГРЭС №4 энергоблогының жұмыс істеуі өте қажат", өйткені "бұл блокты ескере отырып оңтүстіктің балансы қыс кезеңінде 200 мегаватқа толтырылатын болады".