"Мұнай ресурстарына қатысты айтарым, қазір ішкі нарыққа тасымалды айтарлықтай арттыру бойынша шешім қабылданды", - деп атап көрсетті министр.
"Біз бұл мәселені әкімшілік тұрғыдан жартылай реттейміз. Осыны істеуге мәжбүрміз. Егер (мұнай өңдейтін зауыттарға шикі мұнайды дер кезінде жеткізбеу бойынша - агенттік ескертпесі) қалыптасқан жағдай тез арада түзелмесе, таяу күндері ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі тапсырманы орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылар үшін шикі мұнай экспорты бойынша қосымша шектеулер қабылданады", - деп мәлімдеді С. Мыңбаев.
Жанармай бағасының қымбаттау себептері жөніндегі сауалдарға жауап берген министр объективтік және субъективтік себептер барлығын атап өтті. "Объективті себептерге дүниежүзі мен көрші елдердегі жалпы динамика, сондай-ақ, мұнай өнімдерінің жалпы тұтыну көлемінің артуы жатқызылады. Оның үстіне, мұнай өңдеу зауыттарында жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді ол.
"Субъективтік себептер де бар. Бұл - мұнай өңдеу зауыттарын толтыру кестесі бұзылып, Ресейден Атырау мұнай өңдеу зауытына шикі мұнайды жеткізу көлемінің толық орындалмауынан жетіспеушілік туындады", - деді С. Мыңбаев.