Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанармай бағасының сәл-пәл төмендейтінін болжап отыр

Министр жақын уақытта жанармай бағасының сәл арзандауы мүмкін екенін атап көрсетті. Сонымен бірге ол нарықта дизельдік отын бағасы литріне 100 теңгеден аспауы және ауыл шаруашылық өндірушілері үшін дизельдік отын бағасы 91 теңгеден жоғары болмауы жөнінде компаниялармен келісім жасалғанын атап көрсетті. Бұл ретте ол осындай бағамен дизельдік отын ауыл шаруашылықтарының қажеттіліктеріне тек 389 тонна көлемінде ғана ұсынылатынын айта кетті.