Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Жоңғар қақпасында жел электр станциясын салуды бастады

"Қазіргі уақытта құрылыс технологиясын және қатар жұмысты өңдеу мақсатында министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қорымен бірлесе отырып Жоңғар қақпасында қуаты 5 МВт жел электр станциясын салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асыруда",- деді Д. Тұрғанов. Ол сондай-ақ, Қазақстанда "желдің орташа жылдамдығы секундына 8 - 10 метрге дейін жететін кемінде 10 аудан" бар, деп атап көрсетті. Жалпы, бүгінгі күнде "Қазақстанның жел қуатының әлеуеттілігі 3 млрд кВт/сағ. деп бағалануда".