"Су, шикізат және энергияны үнемдеу біздің діліміздің, өндірістік-тұрмыстық мәдениетіміздің бір құрамды бөлшегіне айналуға тиіс. Және біз шетелдік инвесторлар осы тұрғыдан үлгі -өнеге көрсететін болса, оны қолдайтын боламыз", - деді Н. Назарбаев.
"Біз тұтынып отырған судың 20% астамы тасымалдау кезінде ысырап болатыны, электр қуатының 30% тиімді пайдаланылатыны белгілі", -деді ол. "Сол себепті еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бізге бірінші кезекте табиғи ресурстарға ұқыппен қарауымыз қажет", - деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті