Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта электр станциясында үш энергоблок №3, 5 және 7 жүктеме алып отыр. №6 энергоблокта биыл мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін негізгі және қосалқы құралдарды модернизациялау қарастырылған күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жүргізіліп болғаннан кейін №6 энергоблок 500 МВт жүктемені өз мойнына алатын болады. Сол кезде электр станциясының жалпы жүктемесі 2 350 МВт-қа жетпек.