«Аламан» спорттық агенттігінің жазуынша, түркиялық маман Энвер Түркелери ұлттық құрамамен келісімшартты 2016 жылға дейін созды.
Түркелеридің өзі 2016 жылғы олимпиада ойындарында кем дегенде үш алтын аламыз дегенді айтуда.
Қазақстан құрамасының Жазира Жаппарқұл, Анна Нұрмұхамбетова, Нұрсұлтан Рахатов бастаған жастар құрамасы Астанада өтетін Азия чемпионатына дайындалады. Ал негізгі құрама күзде Польшада болатын Әлем чемпионатына дайындықты бастады. Астанада өтетін Азия чемпионатына құрлықтың отыз елінен атлеттер келеді деп күтілуде.