Қазақстанда талма ауруымен 45 мың науқас тіркелген. Олардың 40 пайызы балалар екен. Бұған дейін қоғамда эпилепсия жазылмайтын ауру деген пікір қалыптасқан болса, енді мамандар дер кезінде үздіксіз емделсе, дертті жеңуге болады дейді. Жаңадан ашылған желіде науқастар медициналық мәліметтермен алмасып, «онлайн-дәрігерден» ақысыз кеңес алады. Мұнда, сонымен қатар, базаны пайдаланушылардың жағдайы мен дәрілердің кері әсері туралы жазбалар сараптамадан өткізілмек.
Руфат Зулпакаров, Алматы қаласының тұрғыны:
–Еліміздегі жастардың жартысынан көбі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл бастаманың эпилепсияға шалдыққандарға тигізер көмегі зор. Әлеуметтік желіде бос сөз айтып, қандай да бір фильмді талқылағанша,сырқатына дауа іздеген жандарға кеңес беріп, пікір алмасқан дұрыс деп ойлаймын.
Loading...