Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өзімен бірге нөсер әкелген дауыл соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан шаһардағы көлік қозғалысы шектеліп, бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған. Табиғаттың тосын мінезінен сондай-ақ мектептер мен дүкендер жабылды. Айта кеткен жөн, 6 млн-ға жуық тұрғыны бар Эр-Рияд әлемнің ең ыстық қалаларының бірі саналады. Сол себепті шаһарда жауын-шашын сирек жауады.