Жаңа марканы Қазақстанның пошта әкімшілігі шығарған. Оның көк түсті фонында қазақ оюы мен ЭСКАТО-ның 60-жылдық мерейтойының белгісі бейнелеген. Марканың мөлшері - 50х38 мм, номиналы - 25 теңге, таралымы - 50 мың дана.
Мерейтойлық маркаға белгі соғу рәсімі БҰҰ ЭСКАТО комиссиясының Алматыда өтіп жатқан 63-ші сессиясы аясында өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті