"БҰҰ-ның ірі аймақтық комиссиясы болып табылатын ЭСКАТО өз жұмысына Азия-Тынық мұхиты аймағы халықтарының игілігі үшін іс-қызметінің тиімділігі мен нәтижесін көтеруге бағытталған өзгерістер енгізуге тиіс. 2005-жылы өткен Бүкіләлемдік БҰҰ саммитінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың аясында бұл мақсаттың өзектілігі айрықша арта түсуде",- деді М.Тәжин.
Ол БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы - ЭСКАТО-ның ұйым іс-қызметінің аясында маңызды роль атқаратынын атап өтті. "Комиссия БҰҰ Хартиясының мақсаттары мен принциптерін аймақтарда ілгерілетуші және ұйыминың іс-қызметі туралы ақпараттар таратушы ролін атқарады",- деді М.Тәжин. Министрдің айтуынша, "ЭСКАТО-ның басты миссиясы аймақтық және субаймақтық ынтымақтастық аясын кеңейту, сондай-ақ, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерге даму жолында көмек көрсетуге саяды".
Сонымен бірге М.Тәжин : "Қазақстан Комиссияның аймақ проблемаларын шешудегі ролін жоғары бағалайды және онымен іс-қызметтің барлық бағыттары бойынша белсене ынтымақтасуға дайын", -деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті