Эстрада жұлдыздарының қатысуымен тіл білімін арттыруға арналған интерактивті шоу өтеді

деп хабарланды Астана қаласының ресми сайтында.

Басқарманың баспасөз қызметінен атап өткендей, іс-шара мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруды көздейді. Кештің көңілді әрі қызықты өтуіне жиналған аудитория да атсалысатын болады. Көрермендер арнайы шақыртылған жұлдыздармен байқауларға қатысады, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерін меңгере отырып, өз білімдерін жетілдіре алады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, шараға Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Айгүл Елшібаева, Медет Шайкелов сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысады деп күтілуде.

Кештің құрметті қонақтары Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері Серік Сәпиев пен ҚР Парламентінің депутаттары.