Этноауыл балаларды Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырады

Бұл этноауылды Достық үйінің корей, татар-башқұрт, украин, славян, поляк, неміс этномәдени бірлестіктері және Мұсылман әйелдердің лигасы ұйымдастырып отыр.

Қазақ халқының мәдениетімен танысу күні этноорталыққа келген балалар бауырсақ пісіруді үйренді, өз қолдарымен тұмарлар жасады, халықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысты. Жаздың соңына дейін жұмыс істейтін бұл орталықтарда балалар Екібастұзда тұратын халықтардың әдет-ғұрыптарын білетін болады.

Этноауыл - екібастұздық балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі «Жазlife-2011» бағдарламасының бір бағыты.