Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20 ақпанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың қаржылық-экономикалық саясаты жөніндегі кеңестің бесінші отырысы өтеді. Қазақстанның атынан бұл жиынға ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Болат Сұлтанов пен қаржы министрі Болат Жәмішев қатысады.
"Отырыс барысында тараптар кеңестің төртінші отырысында қабылданған хаттамалық шешімдерді жүзеге асыру, ЕурАзЭҚ-ты одан әрі дамыту, мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды жасау, соның ішінде кедендік одақтың біртұтас ақпараттық бақылау жүйесін құру мәселелерін талқылау межеленген", - деді Е. Ашықбаев.
ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Молдавия мен Украина бақылаушы мәртебесіне ие.