«Ей, Мәсімов дейтін сөзді кім айтты». Бекболат Тілеухан Мәсімовтен өзге шенеуніктердің жасқанғанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бекболат Тілеухан Нартай Аралбайұлының Youtube желісіндегі арнасына сұхбат беріп, шындықты айтты.

"Кәрім Мәсімовпен араласқан жоқпын. Бірақ Youtub-тан тыңдаған жоқсың ба? "Әй, Масимов, ей, Масимов" дейтін сөзді кім айтты? Мен айттым. Менен басқа солай біреу айтты ма? Мәсімовтен қорыққан кезде бар ғой, басқа шенеуніктер ығынан жүрмейтін. КНБ-ның бастығынан кім қорықпайды? Шенеуніктердің арасында кімнің күні премьер министрге түспейді? Сол кезде "Әй, Масимов, ей..." деп айтқам, Ютубта бар, ішімнен қаным қайнап тұрды. Сөйтіп айтқан мен ғана", — дейді Бекболат Тілеухан.

Дегенмен экс-депутат билікті күшпен басып алуға тырысып, лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталып отырған Кәрім Мәсімовтің ерекше қасиетін де айта кетті.


"Бірақ ол өте терең саясаткер болатын. Сенің агрессияңа ешқашан агрессиямен жауап беру жоқ. Кездескен жерде құдай сақтасын, жорғалап алдыңа түсіп алып, күлімдеп шығарып салады. Ол өте терең саясаткер адам ғой. Ай, біздің қазақтың арасында сондай адам бар ма, жоқ па білмеймін", — дейді Бекболат Тілеухан.