Өткен сенбіде Қанат Ислам Алматы қаласында Almaty arena спорт кешенінде ганалық боксшы Патрик Аллотеймен кездесті. Жанкүйерлердің аса мол жиналуы олардың Қанатты қаншалықты жақсы көретінін тағы бір дәлелдеді. Барынша қолдау көрсеткен жанкүйерлер тіпті қалай соққы жасау керектігін де айғайлап айтып жатты.
«Ей, Қанат, тұмсықтан пер!»,- деген солардың бірі әлеуметтік желіге тарап кетті.