«Екатеринбор-Алматы» жолының учаскелері жабық

Атап айтқанда  «Екатеринбор-Алматы» жолының 1858-2005 шақырымында орналасқан Балқаш қаласы мен Жамбыл облысы шекарасына дейінгі аралық, сонымен қатар осы жолдың  2005-2153 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Бурылбайтал аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Мұнымен қоса қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағындағы боранға байланысты «Екатеринбор-Алматы» жолының 856-917 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Жақсы ауылы учаскесінде жол жабық.