«Өткен брифингте атап өткенімдей, Форумның басты оқиғасы - бұл мемлекет басшыларының Қазақстан мен Ресей арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастықтың жаңа негізін қалаушы шартқа қол қоюы болып табылады»,-деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Екатеринбургтегі мерейтойлық форум мен көрмеге Қазақстан мен Ресей Президенттерімен қатар екі мемлекеттің Үкімет мүшелері, министрлері, шекаралық аймақтардың әкімдері мен губернаторлары, сонымен қатар бизнес өкілдері қатысады.