"Екеуі де үздік, атақтары бар": Бибісар Асаубаеваның өзбек жігітімен жүретіні рас па?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Аталған ақпаратпен желі қолданушыларының бірі бөліскен.

"Қара қызымыздың таңдауына не дейсіз?

Үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 2004, Жовохир Синдаров 2005 жылғы. Екеуінің де шахматтан гроссмейстер атағы бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта.

Көршілер. Мүмкін бірге достасып, жаттығып жүрген соң, “әпке-үкә” деп, дос болып кетті мекен... Алайда, мына фотоларға қарасақ басқаша қарым-қатынас бар сияқты. “Жастар бақытты болсын” деп, айтуға қимайды екенсің", - деп жазған автор.