Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unilad басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйеу жігіттің сөзінше, ол сүйіктілерінің бірі ренжіп, қиналғанын қаламаған.
«Сондықтан екеуіне де үйленуді ұйғардым», - дейді ол.
Ер адам Индонезиядағы дәстүр бойынша қалыңдықтарының екеуінің де туыстарына қалыңмал төлеген. Ер адам берген қалыңмалдың жалпы сомасы 10 мың индонезиялық рупийді (270 теңгеден аса) құрайды.
Индонезияда бірнеше әйел алуға рұқсат берілген. Жергілікті заң тек бір шектеу қояды: ер адам екінші рет үйленуі үшін, бірінші әйелінен рұқсат алуы қажет.