ЕХРО-2017 қонақтары Байқоңыр ғарыш айлағына саяхаттап, зымыранның ұшыру сәтін тамашалай алады

Оның атап өтуінше, жыл сайын Байқоңыр ғарыш айлағына 60 мыңға жуық саяхатшы келеді. Олар мұражайдағы экспонаттармен танысып, зымыранның ұшыру сәтін тамашалай алады.

«Облыс әкімі Мемлекет басшысымен ЕХРО-2017 аясында саяхатшылар мен мамандардың аралап көретін нысандары тізіміне Байқоңыр қаласын қосу туралы мәселені келісті. Яғни Бүкілемдік көрме қонақтарының белгілі бір бөлігі қазақ елінің қонақжайлығы мен зымыран ұшыру сәтін көру үшін кешенге және Байқоңыр қаласына келе алады. ЕХРО-2017 өңірдегі туризмді дамыту үшін қуатты серпін береді деп ойлаймыз», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, Байқоңыр қаласы бүгінгі таңда жабық режімдегі нысан саналады. Дегенмен, Қазақстан мен Ресей бұл бағытта бірлесіп жұмыс істер болса, онда қаланың тартымды туристік кластерге айналуына әлеуеті зор.


«Мәселе тек қаланың өзін ғана емес, сонымен бірге Байқоңыр кешенін туристік нысан ретінде Ресеймен бірлесп пайдалану болып отыр. Бұл тұрғыда вице-премьерлер деңгейіндегі үкіметаралық келісім бар. Бұл нәтиже беріп, қала жаппай туризмге ашылып қалар», - деді Н.Жәлиев.