Екі адам алып ағаштың астында қалды: жантүршігерлік оқиғаның суреттері жарияланды

Куәгерлердің айтуынша, KIA Cerato көлігі Құрманғазымен шығыс бағытта келе жатқан, Қонаев көшесімен қиылысқа жете бергенде көлікке алып ағаш құлаған.

Оқиғаның салдарынан көлік қатты жапырылып қалды.

Куәгерлердің хабарлауынша, екі адам зардап шекті. Олар әр түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында қаланың төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.