Бұл туралы "Жетісу" телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Саят бауырымның әкесі Қабыл ақсақал қайтты деген хабар жетті. Алла алдынан жарылқасын. Қаза соңы қайырлы болсын, Сәке! Екі аптада ата мен ананы әкеткен жаманат енді шаңырағыңнан аулақ жүрсін. Ақсақалдың ақырғы сөзі: Ел аман, сендер аман болыңдар, - бопты. 80 жыл ғұмыр кешкен қарттың тілегіне періштелер әумин деп елді шыр айналдырған пәлекет аулақ кетсінші. Қарттың иманы саламат болсын! Бекем бол, Сәке", - деп көңіл айтты Серік Әбікенұлы.
Еске салсақ, Саят Медеуовтың анасының қазасы жайлы Мейрамбек Бесбаев жеткізген болатын.