Екі аптаның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін тексеру қажет - Балиева

"Екі аптаның ішінде мемлекеттік қызметтерді дер кезінде және сапалы ұсынуы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне тексеру жүргізу қажет", - деді З. Балиева. "Сондай-ақ, қызметті көрсету процесінде әкімшілік кедергілерді жойып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстарды жасап шығаруға тиіспіз", - деп толықтырды ол.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенер болсақ, Әділет министрлігі 20 тамызға дейін қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып шаралар кешені іске асырылады. "Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және онымен мәміле жасау, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне түскен шағымдарды тексеру, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділік деңгейін анықтау бойынша заңды тұлғалар арасында сауалнама жүргізу керек", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Комиссия 2008 жылдың 27 шілдесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жөніндегі үкіметтің селекторлық жиналысында жариялаған ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша құрылған болатын.